Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық қарт шабандоз Қазалылық жеңіс жауынгерлеріне тағзым етті

Аралдық қарт шабандоз Қазалылық жеңіс жауынгерлеріне тағзым етті

Кеше айдынды Арал ауданынан ардагер Серік Өтебалиев Тәуелсіздікке тарту жасау үшін Қызылорда қаласына велосепидпен жолға шыққан болатын.

Бүгін аралдық ардагер Қазалы ауданына жетті. Салауатты өмір салтын ұстанған Серік Сәдуақасұлы Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағына арнайы соғып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазалылық ардагерлерге тағзым етті.
Сондай-ақ, Семей ядролық полигонының құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

Азаттықтың ақ таңы атқанына және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына орай веложорыққа шыққан ардагерге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сый-құрмет көрсетті. «Сапар сәтті болсын!» деген аудан басшысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Құттықтау» хат пен естелік сыйлықтарды тарту етті.

Ардагер спортшы «Жеңіс» саябағында аудан жастарымен кездесті. Кездесуде Серік Өтебалиев жастарды Отансүйгіштікке шақырып, егемендіктің мән-маңызы туралы ойларымен бөлісті.
Бұдан әрі Қызылорда қаласына жол тартқан аралдық ардагер спортшыға қазалылықтар ақ жол тілеп, шығарып салды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
25 қыркүйек 2021 ж. 295 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930