Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қажет кәсіп тіршілікті тіктейді

Қажет кәсіп тіршілікті тіктейді

29 тамыз – ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Осыған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Семей атом полигонында әскери борышын өтеген қазалылық ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті.
Кездесуде аудан әкімі Мұхтар ­Оразбаев:
– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын! Біз әлемде алғаш болып ядролық қарудан бас тартқан мемлекетпіз. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Семей полигонының жабылғанына да 30 жыл толып отыр, – деген жылы лебізін білдірді.
Мұнан соң аудан басшысы Мұхтар Оразбаев «Семей – Невада» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданындағы өкілі Өмірбек Күлімбетов пен Талғат Алданазаровты Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай шығарылған мерекелік медальмен марапаттап, аудан әкімінің Алғыс хатын ­табыстады.
Қабылдауда Семей полигонының ардагерлері өздеріне үнемі моральдық-материалдық қолдау білдіріп жүрген азаматтарға ыстық ықыластарын жеткізді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
31 тамыз 2021 ж. 522 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 86

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930