Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Семей полигонының жабылғанына – 30 жыл

Семей полигонының жабылғанына – 30 жыл

29 тамыз – ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Осыған орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Семей атом полигонында әскери борышын өтеген қазалылық ардагерлерді қабылдап, құрмет көрсетті.
Кездесуде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жылы лебізін жеткізді.
– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын! Биыл Семей полигонының жабылғанына да – 30 жыл. Біз әлемде алғаш боп ядролық қарудан бас тартқан мемлекетпіз. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Семей полигонының жабылғанына да 30 жыл толып отыр, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң аудан басшысы Мұхтар Оразбаев «Семей – Невада» қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданындағы өкілі Өмірбек Күлімбетов пен Талғат Алданазаровты Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай шығарылған мерекелік медальмен марапаттап, аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстады.
Қабылдауда Семей полигонының ардагерлері өздеріне үнемі моральдық-материалдық қолдау білдіріп жүрген азаматтарға ыстық ықыластарын жеткізіп, алғыс айтуды да ұмытпады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
28 тамыз 2021 ж. 982 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031