14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Синоптиктер жексенбі, яғни 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста найзағай ойнайды. Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде түнде тұман түседі, күндіз шығысында, оңтүстігінде желдің күшеюі 18 м/с дейін күшейеді.
Таңертең және күндіз Қостанай облысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с шаңды дауылмен соғады.
Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде және батысында жел 15-20 м/с соғады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысында, орталығында тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында 3 градус үсік түседі.
Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.