Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның бес облысында үсік жүреді

Қазақстанның бес облысында үсік жүреді

2 қыркүйекте Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік -шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.
Сәрсенбі еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады, тек кей өңірлерде елімізде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен оңтүстік-шығыста таулы аудандарда, батыста, шығыста және орталықта найзағайлы жаңбыр жауып, күндіз батыста нөсер жауады. Елімізде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, батыста дауыл соғады, оңтүстік-шығыста, батыста бұршақ, солтүстік пен орталықта тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Атырау облысының батысында найзағай, бұршақ, дауыл соғуы мүмкін, жел найзағай кезінде 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз батыста, солтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, орталығында тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыста найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл облыстарында таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 қыркүйек 2021 ж. 648 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930