2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен оңтүстік-шығыста таулы аудандарда, батыста, шығыста және орталықта найзағаймен жаңбыр, күндіз батыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, батыста дауыл, оңтүстік-шығыста, батыста бұршақ, солтүстік пен орталықта тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінде.
Күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, жел найзағай кезінде 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз батыста, солтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, орталығында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыста найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл облыстарында таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік түседі.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.