Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария өзені арнасынан тасып, тас жолды су алып кетті

Сырдария өзені арнасынан тасып, тас жолды су алып кетті

   Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, салдарынан Жалағаш – Жосалы тас жолының учаскесін су алып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ
   Су басу 21 наурызда таңертең Қармақшы ауданы, Қызылтам ауылына жақын жерде болған.
"Су алып кеткен учаскенің ұзындығы 3,5 километр. Жергілікті билік өкілдері учаскені жауып, көліктер айналма жолмен қатынап жатыр", — деп мәлімет берді Қазақстанның ІІМ ТЖ жөніндегі комитет баспасөз қызметі.
   Төтенше жағдай орнында инертті заттармен толтырылған 1500 қап төселді. Жиналған суды ағызу және трассаны нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
22 наурыз 2018 ж. 2 745 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 40

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930