Сырдария өзені арнасындағы жағдай қатаң бақылауға алынды
Қызылорда облысында Сырдария өзені арнасындағы жағдай қатаң бақылауға алынды.
«Облыс аумағына жоғарыдан келіп түсіп жатқан су көлемі секундына 640 текше метрді құрауда. Қызылорда су торабына дейін су таратушы каналдармен барлығы 110 (оның ішінде каналдармен 76, су шығыны және арналарға жайылу 34) текше метр су алынса, тораптан төменге секундына 530 текше метр су өтуде. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында мұз толықтай ұстасса, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өзен беті таза», - дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов.
Қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменовтің айтуынша, облыста су тасқынына қарсы жұмыстарға пайдаланылатын материалдық-техникалық қорлар, қажетті материалдар жасақталған. «Казавиаспас» АҚ-мен келісімшарт арқылы екі тікұшақ дайын. Мұз жару жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандандырылған мекемемен алдын ала келісім жасалынған.
«Сондай-ақ, айта кету керек, саяжайлар мен елдімекендер тұсында жерасты суы көтеріліп жатыр. Бұл табиғи процесс. Қалыпты жағдай. Жылда қайталанады», - деді «Қазсушар» өндірістік учаскесінің басшысы Жорабек Нұрымбетов.
Жалпы, су тасқыны жағдайының алдын алу мақсатында 2016-2017 жылдары Сырдария өзенінің қорғаныс бөгетінің 96 қауіпті учаскесі анықталып, бүгінде ол жерлерде толықтай нығайту жұмыстар жүргізілді.