Елде некеге тұру жиілеп, ажырасу азайды
Қазақстанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында былтырғымен салыстырғанда неке қию саны артты, ал ажырасу саны азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық статистика бюросы Tengrinews.kz сауалына жауап ретінде 2021 жылдың қаңтарынан маусымына дейін азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында 64 951 неке мен 9447 ажырасу тіркелгенін (сот арқылы ажырасулар есепке алынбайды) хабарлады. Яғни, тұрғындар ажырасуға қарағанда жеті есе жиі некеге тұрған.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда неке саны 44,2 пайызға артты (2020 жылы 45 038 неке тіркелген). Бұл ретте ажырасулар саны 25 пайызға жуық төмендеген - 12 747-ден 9447-ге дейін.
Жыл басынан бері неке саны бойынша Алматы көш бастап тұр - 8 322 неке. Түркістан (7 196) мен Алматы облыстары да (6 712) көшбасшы қатарында. Ажырасу саны бойынша да Алматы бірінші орында - 1286 ажырасу. Үштікте - Алматы (954) және Қарағанды облыстары (931).
Айта кетейік, бұған дейін 100 қазақстандық жұптың бесеуі бір жыл бірге тұрмай ажырасатыны туралы хабарланған болатын.