Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жол апаты жиі болатын өңірлер аталды

Қазақстанда жол апаты жиі болатын өңірлер аталды

Статистикалық мәліметке сәйкес, 2021 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қазақстанда 7,2 мың жол-көлік оқиғасы болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,5 пайызға көп. Елімізде болған 10 жол-көлік оқиғасының 3-еуі Алматыда тіркеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz rating.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолдардағы апат саны бойынша Алматы өңірлер арасында көш бастап тұр. Онда екі мың жол апаты болған. Қалада жазатайым оқиғалар саны былтырғымен салыстырғанда 35,9 пайызға артқан. Жол-көлік оқиғаларының саны бойынша анти-көшбасшылар қатарында Алматы облысы (1,3 мың жол-көлік оқиғасы, 26,5 пайызға артқан) және Жамбыл облысы (576 апат, 10,8 пайызға артқан) бар.


Жол-көлік оқиғасы ең аз тіркелген Солтүстік Қазақстан облысы - 97 оқиға.

2021 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қазақстанда 10,6 мың адам жазатайым оқиғадан зардап шекті (жылына 16 пайызға артқан). Жараланғандар саны 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 15,8 пайызға, 9,5 мың адамға дейін көбейді.

Жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны былтырғамен салыстырғанда бірден 17,6 пайызға өсіп, мың адамнан асқан. 733 ер адам, 284 әйел, 89 кәмелетке толмағандар бар.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны бойынша: Алматы (2,4 мың адам) алдыңғы орында, кейін Алматы облысы (2,1 мың адам) және Жамбыл облысы (966 адам).

16 тамыз 2021 ж. 577 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930