Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әрбір 100 некенің бесеуі жылға жетпей ажырасып кетеді

Қазақстанда әрбір 100 некенің бесеуі жылға жетпей ажырасып кетеді

Биыл бірінші тоқсанда 32,3 мың жұп некелескен. Қазақстанда 2021 жылдың бірінші тоқсанында 32,3 мың жұп некелескен. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,5% жоғары.

Ranking.kz мәліметі бойынша, қалалықтар арасында ажырасу көрсеткіші жоғары - 3,6 мың. Қалалықтар арасында некелескендердің саны ауылдық жердегілермен салыстырғанда 2 есе жоғары. Тиісінше, ажырасу көрсеткіші де 3,6 есе көп.

Бірінші тоқсандағы көрсеткіш бойынша, некелесу бойынша үш өңір көш бастап тұр: Алматы қаласы - 4 мың, Түркістан облысы - 3,7 мың, Алматы облысы - 3,5 мың.

Сондай-ақ ажырасу көрсеткіші бойынша да Алматы қаласы алда келеді - 669. Одан кейінгі орында Алматы облысы (478 ажырасу) мен Қарағанды облысы (446 ажырасу).

Былтыр Қазақстанда некелескендердің саны - 128,8 мың. Оның ішінде 107,6 мың ер адам бұрын некелеспеген болса, 19,8 мың - бұрын ажырасқандар, 1,3 мыңы - жесір қалғандар, 162-сі отбасылық жағдайын көрсетпеген.

Әйелдерге келетін болсақ, 109,5 мыңы бұрын тұрмыс құрмағандар, 17,4 мыңы - бұрын ажырасқандар, 1,6 мыңы - жесір қалғандар, 392-сі отбасылық жағдайын көрсетпеген.

Ал, ажырасу көрсеткішіне келетін болсақ, былтыр некесі бұзылғандардың көбі 1 жылдан 4 жылға дейінгі аралықта отасқандар (14,7 мың).

5-9 жыл аралығында бірге тұрған 13,5 мың жұп ажырасқан. Ал, жылға толмай ажырасқан жұптар - 2,3 мың.

11 маусым 2021 ж. 616 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031