Аудан әкімі Әйтеке би кентін аралады
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі жарықшам, аялдама, қоқыс жәшіктері меғ жаяу жүргіншілер жолының қазіргі жағдайын үнемі назардан тыс қалдырмайды.
Осыған орай аудан басшысы Әйтеке би кентіндегі жарықшам, жаяу жүргіншілер жолы, бағдаршам сияқты мәселелердің жай-күйін білу үшін көшелерді аралады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев орын алған олқылықтарды тез арада реттеу қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға көшенің белгіленген аумағынан жолды кесіп өту көп қиындықтар туғызатынын айтты. Сол үшін де Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
Сондай-ақ, аудан басшысы тазалық мәселесін күн тәртібінен түсірмеу қажеттігін айтты. Орталық көшелермен қатар, кенттің шет аймақтарына да әрдайым көңіл бөліну қажет.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат