Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ashyq-пен кіру – смартфон ұстамайтын зейнеткерлер қайтпек?

Ashyq-пен кіру – смартфон ұстамайтын зейнеткерлер қайтпек?

Ashyq-ты аша алмайтын қарт адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға жеке куәлікпен кіре алады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін БАҚ-та Ashyq қосымшасы жоқ кейбір қарт адамдардың азық-түлік дүкендеріне кіре алмайтыны жазылған еді.
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға Ashyq қосымшасы болмаса, жеке куәлікпен кіруге болатынын хабарлады.

Ashyq жобасына қосылған нысандарға смартфондағы мобильді қосымша арқылы кіруге болады, ол болмаған жағдайда нысан өкілі жеке куәлік арқылы келушінің мәртебесін "қарауыл" режимінде сканерлейді. Жеке куәліктің көмегімен қарт адамдар Ashyq нысандарына, оның ішінде азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және басқа жерлерге бара алады, делінген хабарламада.
Алматының санитарлық дәрігерлері осы әңгімені айта отырып, қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түскенін қоса айтып үлгерді: тамыздың соңғы екі аптасында коронавирус жұқтырғандардың 22%-ы егде жастағы адамдар екенін ескертті олар.
12 тамыз 2021 ж. 504 0

Елдік – ерге ұран

09 мамыр 2024 ж. 45

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 95

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 112

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 109

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031