Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертеңнен бастап 5 қалада «Ashyq» жобасында жоқ кәсіпорындардың қызметі тоқтатылады

Ертеңнен бастап 5 қалада «Ashyq» жобасында жоқ кәсіпорындардың қызметі тоқтатылады

Кәсіпкерлік нысандарына «Ashyq» жобасын енгізу туралы арнайы қаулыға (29 шілдедегі) сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында «Ashyq» жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтатылады, деп хабарлайдыinbusiness.kzпорталы.
«Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4-ші тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, «Ashyq»-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұрылсын», - делінген қаулыда. Сонымен қатар ертеңнен бастап аталған қалаларда ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.  Ал «Ashyq» жобасынан тыс құрылыс жұмыстарын жүргізуге, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне, жанаспайтын қызмет көрсетуге, гүл дүкендерінің, фотосалондардың қызметіне, туристік компаниялардың, бизнес орталықтардың, қызметтің жекелеген түрлерінің қызметіне, қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметіне рұқсат етіледі.
01 тамыз 2021 ж. 770 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30