Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 өңірде бюджет қаражаты көп игерілмей қалған

5 өңірде бюджет қаражаты көп игерілмей қалған

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,5 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,5 трлн теңгені құрады. 58 млрд теңге атқарылмаған. Ағымдағы жылы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша оларға 1 трлн 160 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілді. Атқарылмаған – 21 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 3 млрд теңге, игерілмегені - 18 млрд теңге», - деді Е. Жамаубаев. Ең көп игерілмеу: Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында қалыптасты. Бұдан бұрын хабарланғандай, қай министрліктерде бюджеттің игерілмеуі орын алғаны жаряланды.

11 тамыз 2021 ж. 750 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930