Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық бюджетті нақтылау: Қай бағытқа қанша қаржы бөлінеді

Республикалық бюджетті нақтылау: Қай бағытқа қанша қаржы бөлінеді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте 2021 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нақтылау «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз етуге, сондай-ақ COVID-19-бен күресуге бағытталған. «2021 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлеріне мынадай өзгерістер енгізілді. Республикалық бюджет түсімдері 1,1 трлн теңгеге ұлғайып, 12,6 трлн теңгені құрайды. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге 3,5% деңгейінде болжанып отыр, яғни 149 млрд теңгеге өскен», - деді министр Мәжілістің жалпы отырысында. Оның айтуынша, республикалық бюджет шығыстарының көлемі 1,3 трлн теңгеге артып, 15,3 трлн теңгені құрайды. «Нақтылау жобасында қаражатты мынадай бағыттар бойынша бөлу көзделген. Бірінші, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру – жалпы сомасы 884 млрд теңге. Осы қаражат есебінен жол салу және реконструкциялау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту, таза ауыз сумен қамтамасыз ету және «Ауыл – Ел бесiгi» арнайы бағдарламасы шеңберінде ауылдарды жаңғырту бойынша шаралар қабылданады. Екінші, коронавирус инфекциясымен күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды қаржыландыруға 265 млрд теңге қарастырылған. Үшінші, Мемлекет басшысының тапсырмаларын және бұрын қабылданған міндеттемелерді орындау. Бюджетті нақтылау нәтижесінде оның әлеуметтік бағыттылығы сақталған, ал нақты сектор мен өңірлерді қолдау күшейтілді. Бұл туралы бюджет шығыстарының құрылымы көрсетіп отыр», - деп атап өтті Е. Жамаубаев. Қаржы министрі оның 723 млрд теңге сомасында едәуір үлкен бөлігі экономиканың нақты секторын қолдауға бағытталғанын айтты. «Бұл бағытты ынталандыру орта мерзімде елдің дамуына мультипликативтік әсер ететін болады. Нәтижесінде осы саланың шығыстары 2,4 трлн теңге немесе жалпы шығыстар көлемінің шамамен 16% көлемінде жоспарланып отыр. Бюджеттің әлеуметтік саласы жалпы алғанда 374 млрд теңгеге ұлғайып, 7,5 трлн теңгені немесе жалпы шығыстардың 48,7% құрайды. Күш құрылымы шығыстары 211 млрд теңгеге өсіп, 1,6 трлн теңге сомасында жоспарланған. Жалпы мемлекеттік шығыстар 80 млрд теңгеге қысқартылып, 3,3 трлн теңгені құрайды. Бұл блок шығыстарының азаюы Президенттің бастамаларына арналған резервті қайта бөлумен байланысты. Қосымша шығыстардың айтарлықтай үлесі нысаналы трансферттермен өңірлерге берілетінін атап өту қажет. Олардың жалпы сомасы 539 млрд теңге болса, оның ішінде дамуға арналған трансферттер – 335 млрд теңге», - деп түсіндірді министр Е. Жамаубаев. Айта кетейік, Мәжілісте «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралып жатыр.
05 мамыр 2021 ж. 870 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930