Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталып отыр

Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталып отыр

Елімізде карантиндік шаралардың салдарынан өткен жылы жалпы ішкі өнім 2,6%-ға төмендеген. Бұл қызметтер көрсетудің 5,4%-ға азаюымен байланысты болып отыр. Мұндай деректерді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің кезекті отырысында мәлімдеді.

Министрдің сөзіне сенсек, негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 3,4%-ға төмендеген. Бұл орайда ел үкіметі Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар қабылдады.

«Зардап шеккен салалардан шамамен 700 мың кәсіпкер салықтық ынталандыру және жеңілдік шараларымен қамтылды. Шағын және орта бизнес кредиттері жеңілдетілген шарттармен қайта қаржыландырылды. 40 мыңға жуық жоба арзандатылған мөлшерлемемен қаржыландырылды. Зардап шеккен салаларда қарыз алушылардың 80%-ы кредиттер бойынша төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігін алды. Алайда жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталып қалды», - деді министр.

Өз баяндамасында Ерұлан Жамаубаев респубикалық бюджеттің атқарылу жұмыстарына да тоқталып өтті.

«Бюджет түсімдері 100,3%-ға орындалып, 12 трлн 49 млрд теңгені құрады. Шығыстар 98,3%-ға игерілді және 14 трлн 234 млрд теңгені құрады. Әлеуметтік шығыстар 2019 жылмен салыстырғанда 1,4 трлн теңгеге ұлғайып, 6,6 трлн теңгені құрады. Бюджет тапшылығы 2 трлн 185 млрд теңгені құрады. Трансферттерді есепке алмағанда кірістер бойынша жоспар 22 млрд теңгеге артығымен орындалды. Бюджетке 6,6 трлн теңге түсті. Салық түсімдері 5 трлн 576 млрд теңгені құрады», - деді Жамаубаев.

Ведомство басшысы 2020 жылы бюджет шығыстары 351 бюджеттік бағдарлама аясында 63 стратегиялық бағыт бойынша жұмсалғандығын атап өтті. Бұдан бөлек банктерде және микроқаржы ұйымдарында тұтынушылық қарыздар бойынша халықтың әлеуметтік осал санаттарының борыштық жүктемесін төмендету шаралары қабылданғанып, 30 мыңнан астам қарыздың өтелгені мәлім болды.

09 маусым 2021 ж. 434 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930