Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та балалардың коронавирус жұқтыру фактілері көбейді

АҚШ-та балалардың коронавирус жұқтыру фактілері көбейді

Америкалық маман вакцинацияланбаған адамдардың көп болуы штамдардың мутацияға ұшырауына әкеліп соғуы ықтимал деген пікірде. АҚШ-тың Флорида штатындағы балалар ауруханалары «дельта» штамын жұқтырған балаларға лық толы, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNN арнасына сілтеме жасап.
8 тамызда штатта коронавирус инфекциясына шалдыққан балалардың саны рекордтық деңгейге жетті. Ол күні 172 науқас тіркелді. Флоридадағы Халықаралық университеттің жұқпалы аурулар жөніндегі маманы Эйлин Мартидің айтуынша, педиатрлар, медбикелер мен басқа да қызметкерлерге қазір өте қиын соғып жатқан көрінеді. «Бұл өте қорқынышты. Балаларымыз қатты қиналып кетті. Біз мұндайды бұрын-соңды көрген емеспіз», – деді ол. Ресми дерек бойынша, басқа штаттарда да вирус жұқтырған балалардың саны артуда. Мысалы, Арканзаста ауруханаға жатқызылғандардың саны 4 тамызда күрт өсіп кеткен. Бұған дейін АҚШ-тағы Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фауки болашақта вакцинацияға төзімді штамдар пайда болуы мүмін дегенді айтқан болатын. Оның пікірінше, вакцинацияланбаған адамдардың көп болуы вирустың мутацияға ұшырауына әкеліп соғуы ықтимал.


09 тамыз 2021 ж. 329 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031