Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үнді штамы кеңінен тарап жатыр: ДДСҰ дабыл қақты

Үнді штамы кеңінен тарап жатыр: ДДСҰ дабыл қақты

Коронавирустың ең көп тараған «дельта» штамын жұқтырған елдер мен аумақтар саны 6-13 шілде аралығында 6-ға өсіп, 111-ге жетті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
ДДҰ-ның апталық эпидемиологиялық бюллетенінде жазылғандай, «алаңдаушылық тудыратын нұсқалар» санатына жатқызылған төрт штаммды («альфа», «бета», «гамма» және «дельта») жұқтыру көрсеткіші жоғары.
«Дельта нұсқасы соңғы екі айда ДДҰ-ның барлық алты аймағындағы кем дегенде 111 елде табылды, ол осы уақытқа дейін анықталған алаңдаушылық тудырған басқа нұсқаларға қарағанда жұқпалылығы жоғары. Бұл аталған штаммның алдағы айларда әлемде «басты» нұсқаға айналуы мүмкін екеніе білдіреді, - делінген ұйымның эпидемиологиялық бюллетенінде.
Бір апта бұрын 6 шілдедегі жағдай бойынша дельта штаммы 104 мемлекет пен аумаққа таралған еді. Ал одан бір апта бұрын таралған елдер мен аумақтар саны 96 болатын.
ДДҰ эпидемиологиялық бюллетеньде 196 ел мен аумақта коронавирус штамдарының таралуы туралы мәліметтерді жариялады. Аталған мәліметтерден «дельта» планетаның көп бөлігінде таралғаны белгілі болды. Атап айтқанда, Үндістаннан басқа, Ресейде, Ұлыбританияда, Германияда, Грекияда, Испанияда, Түркияда, Францияда, Индонезияда, Таиландта, Жапонияда, Израильде, Бразилияда, АҚШ-та және Оңтүстік Африкада анықталды. Сондай-ақ, оның Қытайда да болуы туралы ақпарат бар, алайда эпидемиологиялық бюллетеньге сәйкес, бұл ақпаратты «ДДСҰ ресми емес көздерден алған және әрі қарай талданатын болады». Сонымен қатар, ұйымда қазіргі уақытта Исландияда, Египетте, Черногорияда, Кубада, сондай-ақ басқа да мемлекеттер мен аумақтарда дельта нұсқасының бар екені туралы мәліметтер жоқ. Олардың жалпы саны –85.
15 шілде 2021 ж. 741 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930