Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 197 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 197 миллионнан асты

Дүниежүзі бойынша COVID-19 коронавирусын жұқтырған жағдайларының саны 197 390 740 құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Worldometers-ке сілтеме жасап.
Вирус тарала бастағаннан бері COVID-19 ауруымен қаза тапқан жандардың саны 4 214 977-ге жетті.
Worldometers-тің ақпараты басқа порталдардың мәліметтерін артқа тастап тұр. Мысал ретінде, Джонс Хопкинс университетінің сайтында коронавирустық инфекцияның 196 628 018 жағдайы тіркелген деп көрсетіп тұр.

15 миллионнан астам COVID-19 инфекциясы бар елдер арасында АҚШ, Үндістан және Бразилия бар.
Америка Құрама Штаттары ауруды жұқтырған және қайтыс болған адамдар саны бойынша көшбасшы болып қала береді, мұнда COVID-19 жұқтырған барлығы 35 584 272 анықталса, ал өлім саны 628 492-ге дейін өскен.
Үндістан болса нфекция жұқтырған адамдар саны бойынша екінші орында тұр, онда COVID-19 расталған жағдайларының саны 31 572 344-ке жетті. Елде вирус жұқтыру әсерінен қайтыс болғандардың жалпы саны 423 244 құрады.
Ауру жұқтыру көрсеткіші бойынша үштікті Бразилия елі қорытындылайды. Онда пандемия кезінде 19 839 369 жағдай тіркеліп, 554 626 адам қайтыс болған.
Бұған дейін Индонезия COVID-19-дан күнделікті өлім көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орынға шыққан болатын.
30 шілде 2021 ж. 352 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930