Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 46 млн адамнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 46 млн адамнан асты

Өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны жаңа рекордтық көрсеткішке жетті.
Әлемде коронавирус инфекциясының жаңа түрін жұқтырғандар саны 46 миллион адамнан асып кетті. Бұл туралы 1 қарашада Джонс Хопкинс университетінің мамандары таратқан деректерде айтылды.
«Бүкіл әлем бойынша барлығы 46 015 562 адам COVID-19 вирусын жұқтырған. Пандемия құрбандарының саны 1 194 906 адамға жетті. Сондай-ақ 30,7 млн адам қауіпті вирустан емделіп шықты», - делінген мәліметте.
COVID-19 вирусынан ең көп зардап шеккен ел АҚШ болып отыр. Бұл елде 9 402 590 адам инфекция жұқтырған. Екінші орында 8 184 082 тұрғыны вирус жұқтырған Үндістан тұр. Ал Бразилия үшінші орында тұр. Соңғы деректерге сүйенсек, бұл елде 5 535 605 адам қауіпті инфекция жұқтырған.
Алғашқы «бестікке» сонымен қатар, Ресей (1 618 116 адам жұқтырған) мен Франция (1 367 625 жағдай) да кірген.
Жалпы, өткен тәулікте әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа рекордтық көрсеткіші тіркелді, яғни бір күнде 535 928 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Ал бүгін 505 756 жағдай тіркелді.
Айта кетерлігі, Қазақстанда өткен тәулікте 465 адамнан коронавирус анықталды. Еліміз бойынша ауырғандар саны 112 418 адамға жетті.
01 қараша 2020 ж. 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930