Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз неге кедейміз?

Біз неге кедейміз?

Қалыпты өмірді өзгертіп, қауіпті індеттің басталғанына бір жылдан асты. Жер шарын жаулап алған пандемиялық дағдарыс қазақ еліне де әсер етпей қойған жоқ. Дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат еткен мемлекетте кедейшілік көрінісі артты. Ресми мәліметтер бойынша, пандемияға дейінгі кедейшілік деңгейі 4,2 пайызға дейін төмендеген. Дегенмен 2020 жылдың шілде айындағы Дүниежүзілік банктің «Дағдарысты еңсеру» атты ел экономикасы туралы баяндамасына сүйенсек, Қазақстандағы кедейшілік болжанған 8,3 пайыздан 12,7 пайызға артуы мүмкін. Менделеев кестесіндегі маңызды элементтер түгелдей дерлік кездесетін қазақ елі неге кедейленіп барады? Табыстың төмендігі мен тұрмыстық шығындарға сай келмеуі маңызды себептің бірі.
– Дүниежүзілік банктің есептеулеріне сүйенетін болсақ, егер халықтың табысы күніне 5,5 АҚШ доллары, яғни, айына 70 мың теңге болса, онда кедей азаматтар қатарына қосылуы керек. Ал Қазақстанда кедейшілік ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептелінеді. Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 2020 жылы 32 668 теңге, 2021 жылы 34 302 теңге болып белгіленді. Кедейшілік деңгейін дүниежүзілік банк бойынша қарасақ, екі еселенеді. Яғни 1 миллионнан астам адам емес, 2 миллион қазақ кедей қатарына қосылады. Осы орайда неміс ғалымы Энгельдің «Халықтың тұрмыс деңгейі төмендеген сайын, азық-түлік шығындары артады, ал керісінше табыс деңгейі артқан сайын, демалыс шығындары артады» деген тұжырымы шындыққа айналады. Ал біздің халық табысының 54 пайызын азық-түлікке жұмсайды, Еуропада бұл көрсеткіш 10-12 пайыздың шамасында. Тіпті, кей дамыған елдер табысының 8 пайызын ғана азық-түлікке жұмсайды, – дейді экономист Мақсат Халық.
2020 жылдың екінші жартысында елде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін азаматтар саны 5,7 пайызға артқан. Бұл 2011 жылдан бері тіркелген ең нашар көрсеткіш. Мамандар мұның басты себебін елдегі төтенше жағдай мен карантин режимінің енгізілуімен байланыстырып қарайды. Өйткені аталған уақыт аралығында елдегі экономикалық белсенділік күрт төмендеген. Кедейшілік деңгейі Қызылорда облысында 4,4-тен 7 процентке дейін өскен. Бұрынғыдай қала мен ауыл тұрғындары табысының айырмасы өте алшақ. Екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін ауылдықтар 7,8 пайызды құраса, қалалықтар – 4,2 пайыз.
«Рухани, мәдени дағдарыстың Қазақстанда болуы мүмкін де емес. Ал экономикалық ахуал бойынша бәрінен бұрын қазақтар кедейлене түсуде. Барлық мекемені қазақтар басқарады, барлық жерде қазақтар басымдыққа ие. Сөйте тұра халі мүшкіл. Оның себебі неде? Өйткені, барлық жерде ұрлық!», – деген еді қазақтың өз ұлына айналған жазушы Герольд Бельгер. Жұртқа жағымсыз ұрлық пен қылмыс жайы жауаптылар тарапынан тіркелгенімен, тоқтау жоқ. Жұмысқа орналасу мен қарапайым тұрмыстық өмірдегі жемқорлықты бағамдай алмаспыз.
Сонымен бірге халықтың өмір сапасын да ескеру керек. Тұрғындардың денсаулық жағдайы, таза сумен, су құбырымен, жылу беру жүйесімен, жоғары біліммен қамтылуын стандартқа сай сапалы өмір деп танимыз. Бүгінде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 42 500 теңгені құрайды. Яғни бұл факт біздің елде бір айда осы ақшаға өмір сүруге болады дегенді білдіреді. Күлкіңіз келе ме? «Ашынғаннан шығады ащы даусым» демекші, ары қарай қаржының денсаулыққа, білім мен дамуға, дұрыс тамақтануға кетерін сараламай-ақ қоялық. Айтпаса да түсінікті. Баға нарығына тұсау болмай тұрғанда, халықтың кедейлігіне себеп іздеу де қателік.

Дина БӨКЕБАЙ
31 шілде 2021 ж. 778 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031