Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кедейлік деңгейі жоғары аймақтар анықталды

Қазақстанда кедейлік деңгейі жоғары аймақтар анықталды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде кедейлік деңгейі артып, күнкөріс деңгейі төмендеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып.

 "Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2020 жылғы IV тоқсанда 4,6%-ды құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,8 пайызға жоғары", - деген статистика келтірілді. 
Бюро ұсынғандай, 2020 жылдың IV тоқсанында кедейлік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында байқалды, ал ең төмені Нұр-Сұлтан қаласында (1,5%) тіркелді.
"Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2020 жылғы IV тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,7 есені, азық-түлік емес тауарларға – 8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,5 есені құрады", - делінген хабарламада. 

19 наурыз 2021 ж. 2 662 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031