Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қалай есептеледі

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қалай есептеледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қалай есептелетіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
«Атаулы әлеуметтік көмек кірісі төмен отбасыларға беріледі. Яғни, отбасының жан басына шаққандағы кірісі ең төменгі күнкөрістің 70 пайызынан төмен болуы тиіс. Ең төменгі күнкөрістің 70 пайызы – бұл кедейшілік шегі. Яғни, атаулы әлеуметтік көмек мөлшері кедейшілік шегі мен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы кірістің айырмасы арқылы анықталады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Осы ретте департамент басшысы атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін нақты мысал келтіре отырып атап берді. «Мәселен, отбасыда 3 бала және әкесі мен анасы бар делік. Ата-аналардың бірі бала күтіміне байланысты демалыста, ал отбағасы жұмыс істейді. Бірақ, жалақысы 50 мың теңге ғана. Демек, отбасының әрбір мүшесін шаққанда ай сайынғы кіріс 10 мың теңгеден айналады. Мұндай жағдайда біздегі кедейшілік шегі 24 012 теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орта деңгей. Өйткені, кедейшілік шегін әрбір өңір аймақ өмірінің экономикалық деңгейіне байланысты дербес айқындайды. Осындай жағдайда атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 14 мың теңгеден айналады. 5 адамға ай сайын шамамен 70 мың теңге төленеді. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері нақты бекітілмеген. Ол отбасының кірісіне байланысты», - деді Асқар Ниязов.

09 шілде 2021 ж. 722 0

Дубайда жеңімпаз атанды

14 қаңтар 2025 ж. 59

Есірткі туралы ертегі

14 қаңтар 2025 ж. 93

Жақсы өнер – жігіт ырысы

14 қаңтар 2025 ж. 70

Алтынай алар асу көп

14 қаңтар 2025 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031