Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси додаға қатысудың маңызы зор

Саяси додаға қатысудың маңызы зор

Халқымызда «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген аталы сөз бар. Ел Президентінің ауыл әкімдерін сайлау бастамасы халық пен билік арасын жақындастыра түседі деп пікірдемін.

Ауылға шын мәнінде іскер, сол ауыл тұрғындарының жағдайын жетік білетін, көппен жұмыс жасай алатын әкім керек. Осы ретте елімізде алғаш рет өткізіліп отырған ауыл әкімдерінің сайлауында халық барлық талаптарға сай басшыны өздері таңдай алады.
Бүгінде ауыл әкімдерінің алдында тұрған міндеттер өте көп. Ауылдың басшысы халықпен ақылдаса отырып, барлық мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету тиіс.
Елінің еңбегін бағалап, кем-кетігін түзетіп, халыққа адал қызмет көрсететін көреген тұлға болса ғана әкім халықпен бірге болады. Әкімді халық сайлайды, сол себепті әкім — ел үмітін ақтауы тиіс.
Әрбір ауыл тұрғынын жарқын қадамға бастаған бүгінгі саяси науқанға бірауыздан қатысудың маңызы айтпаса да белгілі.
Себебі, әрбір сайлаушы өз таңдауын жасайтын саяси шарада ел азаматтары өз партиясы мен сенімді өкілдеріне таңдау жасап, «халық үніне құлақ түретін мемлекеттің» бағытын айқындап жатқанын білген жөн.
Ал, сайлауда бақ сынап жатқан кандидаттар бір-бір елге тұтқа боларлық азаматтар. Оларға тек қана сәттілік тілеймін.

Бурабай РАХМЕТОВ
Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің
ардагерлер кеңесінің төрағасы.
25 шілде 2021 ж. 547 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930