Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Нұрлы жер": енді қазақстандықтар бастапқы жарнасыз-ақ баспаналы болады

"Нұрлы жер": енді қазақстандықтар бастапқы жарнасыз-ақ баспаналы болады

"Нұрлы жер" бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді азаматтар бастапқы жарнаның орнына жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, баспаналы бола алады. Сондай-ақ, азаматтар құрылыс компаниялары мен пәтерлерді өздері таңдай алады. Бұл туралы "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 500-ге тарта отбасы баспаналы болды
"23 қазан күні ҚР үкіметінің қаулысымен бірқатар түзету енгізілді. Алғашқы өзгеріс – бастапқы жарнаға қатысты. Бұрын бастапқы жарна 30 пайызды құраса, қазір бұған балама бар. Егер азаматтың 30 пайыз көлемінде жарнасы болмаса, онда ол өзіне немесе үшінші тұлғаға тиесілі, құны осымен пара-пар жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде ұсына алады. Сондай-ақ құрылыс компанияларына алдын ала төленген төлемі де есепке алынады. Ол да бастапқы жарна ретінде ескеріледі",- деді Мұхамеджанов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, өзгерістер аясында бастапқы тұрғын үй ұғымы кеңейтілген.
"Енді пәтерлерді тек құрылыс компанияларынан ғана емес, басқа да заңды тұлғалардан (сауда компаниялары) сатып алуға болады. Яғни азаматтардың пәтер таңдау құқығы болады", — деді ол.
Бүгінде коммерциялық банктер де бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытып отыр. Жыл соңына дейін "Цеснабанк" АҚ, ал келесі жылы "Халық банк" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ, "Tengri bank" АҚ, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ қосылуды жоспарлап отыр.
alashainasy.kz
17 желтоқсан 2017 ж. 1 769 0

Деген екен

15 ақпан 2025 ж. 87

Бауыржанның батырлығы

15 ақпан 2025 ж. 91

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 93

Ауғанның отты жылдары

15 ақпан 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728