Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономика министрі: 1 қазанға дейін кімдер салық төлемейді

Экономика министрі: 1 қазанға дейін кімдер салық төлемейді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов төтенше жағдайға байланысты кімдер салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ
Бұл туралы министр үкімет отырысында мәлімдеді. "Шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті медициналық сақтандыру және әлеуметтік аударымдар) 6 айға, осы жылдың 1 қазанына дейін босату қарастырылған", - деді Дәленов.
Министр қандай мекемелердің және кімдердің салықтан босатылғанын тізіп шықты. "Ірі сауда объектілері, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, хостел және туристік қызмет объектілері жылдың соңына дейін мүлік салығынан босатылды. Салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейінгі мерзімде жеке табыс салығынан босатылды", - деді ол. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жер салығын жылдың соңына дейін төлемейді.
Сондай-ақ, биологиялық активтерінің импорты жылдың соңына дейін қосылған құн салығынан босатылды. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі осы жылдың 30 наурызынан 1 қазанына дейін 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді.
Дәленовтің айтуынша, бұл шаралар 700 мың салық төлеушіні қамтиды.
02 сәуір 2020 ж. 665 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031