Волонтерлерді қандай өзгерістер күтіп тұр
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан 13 волонтерлік жобаға 438,6 миллион теңге бөлініп отыр.Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы аясында қандай шаралар көзделіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, жол картасы аясында аясында бірқатар бағыт айқындалды.
"Атап айтқанда, бірінші – заңнамалық деңгейде өзгерістер енгізу. Оның аясында оқуға тапсыру мен жұмысқа орналасу кезінде жеңілдіктер қарастыру, волонтерлердің құқығы мен міндеттерін кеңейту, еріктілердің ең төменгі жас шегін белгілеу және корпоративтік волонтерлік нормалары сияқты жаңашылдықтар қарастырылған. Жария талқылаудан өткен соң заң жобасы 1 шілдеге дейін үкімет қарауына енгізіледі", - деді Балаева үкімет отырысында.
Сондай-ақ волонтерлік қызметті қолдау стандарты әзірленіп, оның негізінде мемлекеттік органдарға осы бағыт бойынша тиісті бағыт-бағдар беріледі.
Министрдің айтуынша, екінші – волонтерлік инфрақұрылым. Қазіргі таңда волонтерлер құрған республикалық және 17 өңірлік фронт-кеңсе өз жұмысын жалғастырып жатыр.
Үшінші – волонтерлік жобалар мен бастамаларды іске асыру. Жол картасы аясында жалпы сомасы 528,3 миллион теңгеге 40-тан астам жобаны іске асыру көзделген.
"Ақпарат министрлігі тарапынан 13 волонтерлік жобаға 438,6 миллион теңге бөлініп отыр. Оның аясында жануарларға жанашырлықты көздейтін "Бірге аяла", аға ұрпақты волонтерлік қызметке шақыратын "Күміс" волонтерлік жобалары, сонымен қатар басқа да өзекті тақырыптар бойынша 130-дан астам шағын гранттар қарастырылған", - деді министр.
Балаева волонтерлік қызметті дамытуда, ең алдымен, мемлекеттік органдардың тұрақты қолдауы аса қажет.
"Алайда өкінішке қарай биыл өңірлерде қаржыландыру былтырғы жылмен салыстырғанда 4 есе төмендегені байқалады. Былтыр бұл мақсатқа 338,6 миллион теңге бөлінсе, биыл тек қана 89 миллион теңге қарастырылған", - деді ол.