Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Волонтерлікті қаржыландыру 2021 жылы үш есе қысқарды

Волонтерлікті қаржыландыру 2021 жылы үш есе қысқарды

Былтыр 338,6 млн теңге бөлінсе, биыл 89,7 млн теңге ғана қарастырылған. 2021 жылы волонтерлікті қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда үш есеге төмендеді, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
«Биыл бірінші жартыжылдықта 113 мың еріктінің қатысуымен 6 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Қолдау керек деп айтқым келеді, бірақ, өкінішке қарай, биыл қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Былтыр бұл мақсатта 338,6 млн теңге бөлінсе, биыл 89,7 млн теңге ғана қарастырылған», - деді Аида Балаева Үкімет отырысында.

Министр берген ақпаратқа сәйкес, «Талап» орталығының бағалауы бойынша еріктілердің ҚР экономикасына қосқан үлесі 2020 жылы 3,9 млрд теңгені құраған. Ал волонтерлік қызметтің ең көп үлесі (68%) - денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге тиесілі.

«Өткен жылы пандемия жағдайында біздің азаматтар ең шынайы қайырымдылық қасиеттерін және жеке жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетті. Осы жылы волонтерлік қызметке қатысатын азаматтар мен ұйымдардың саны артты. Атап айтқанда, волонтерлік ұйымдардың саны үш есе, белсенді волонтерлердің саны төрт есе артты», - деді министр.

Сондай-ақ, Қазақстанда «волонтерлікті дамытудың жол картасы» шеңберінде волонтерлік қозғалысты қолдау жалғасады. Мәселен, ЖОО-ға түсу кезінде жеңілдіктер беру үшін заңнамалық деңгейде өзгерістер енгізу, волонтерлердің құқықтары мен міндеттерін кеңейту, ең төменгі жас шегін және корпоративтік волонтерлік нормаларын белгілеу сияқты шаралар кіреді.

«Сарапшылармен бірге «Волонтерлік қызметті қолдау стандарты» әзірленуде. Биыл волонтерлерді ынталандыру үшін әлемнің түрлі елдерінен үміткерлерді тарта отырып, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беруді жалғастыратын боламыз», - деп қорытындылады Аида Балаева.
22 маусым 2021 ж. 372 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930