Аранды ауылындағы №97 мектеп аумағын су алуына байланысты сабақ тоқтатылды

Комиссия мүшелері су алған аумақ пен мектеп ғимаратының техникалық жағдайымен танысты. Нысанға түскен сызат пен еденнің көтеріліп кетуіне байланысты ғимаратта оқу процесін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес құрылған сарапшылар комиссиясы мектептің техникалық жағдайын кешенді түрде зерттеп, оқиғаның себебін анықтайды.
Облыстық білім басқармасы оқушылардың білім алу процесі тоқтамайтынын мəлімдеді. 12 наурыздан бастап мектеп мұғалімдері мен 98 оқушысы көршілес Қожабақы ауылындағы №25 мектептің екінші ауысымында оқиды. Ұстаздар құрамы мен оқушыларды тасымалдау үшін Қазалы ауданы əкімдігінен арнайы көлік бөлінген.