Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ұзақ уақыттан бері бос тұрған жатақхана құлады

Қызылордада ұзақ уақыттан бері бос тұрған жатақхана құлады

Титов тұрғын ауданында ұзақ уақыттан бері бос тұрған ескі жатақхана ғимаратының бір бөлігі құлап қалды. 1971 жылы салынған ғимарат Титов 16А тұрғын ауданында орналасқан. 28 ақпанда түнгі сағат 22.40 шамасында жатақхананың бос тұрған бөлігі опырылып түскен. Жедел ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменовтің айтуынша, оқыс оқиға туралы хабар жергілікті уақытпен сағат 22.40-та түскен.
«Жедел жұмыстар жүргізіліп, жатақханада тұратын 46 жанұяны қауіпсіз жерге эвакуацияладық. Оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тұрғындар тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Қаладағы жедел штаб қажетті заттарды жинау жұмыстарын жүргізІп жатыр. Алдағы уақытта болған жағдайға байланысты нақты ақпарат беріледі», - деді қала әкімінің орынбасары.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов апат болғандығы жөнінде 112 телефонына хабарлама түскен бойда оқиға орнына "Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының" 1 бөлімшесі жіберілгенін мәлімдеді.
«Титов қыстағындағы 16А мекенжайында орналасқан жатақханының 4-подьезінің 1-қабатынан 5-қабатына дейін құлағандығы анықталды. Қазіргі кезде осы жерде жеке құрамның 82 маманы мен 17 арнайы техника жұмыс істеп жатыр», - деді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
«Талап» пәтер иелері кооперативінің төрайымы Улья Арынованың айтуынша, жатақхананың құлаған бөлігінде тұрғындар болмаған.
«Құлаған жерде адам болған жоқ, бұл бөлік бос тұрған. Адам шығыны болған жоқ. Ар жағында тұратын 46 пәтердегі тұрғындар «Мұрагер» мектебіне шұғыл көшірілді. Ертең, 1 наурызда олардың уақытша тұрғылықты жерлері қайдан берілетіндігі анықталады. Апаттың себептері анықталып жатыр. Әзірге неден болғаны белгісіз», - деді Улья Арынова.
Аталған жайт облыс əкімдігі мен қала əкімдігінің жіті бақылауында.

01 наурыз 2018 ж. 1 492 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031