Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертеңі үшін екпе салдырған

Ертеңі үшін екпе салдырған

Коронавирусқа қарсы вакцинаның пайда болуы пандемияның аяқталуына аз қалды деген сенімді ұялатқанымен, көпшілік жаңа вакцинаның аз уақыт қана зерттелгенін алға тартып, салдыруға жүрексінеді. Әлеуметтік желідегі алып-қашпа әңгімелер тағы бар. Жақыныңның амандығы үшін арақашықтықты сақтауды талап ететін бүгінгі күні бұл індеттен қорғанудың ең тиімді жолы – вакцина ­салдыру.
Көктемде аудандағы дәрігерлік амбулатория жанынан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу мақсатында пациенттерді бақылау үшін 18 мобильді топ құрылған еді. Олар созылмалы аурулары бар сырқаттардың үйіне барып қызмет көрсетті. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жүргізіп, ЖРВИ шалдыққан балалар мен пневмония диагнозы қойылған науқастар дәрі-дәрмекпен қамтылды. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салу 15 сәуірден басталды. Екпе салдырушылар қатары көбейген соң, қазіргі таңда вакцинаның Спутник V, Hayat-Vax түрлері тұрғындар еркімен салынуда.
Індет басталғаннан бастап аудандық аурухана дәрігерлерінің еңбегі елеулі болғанын ескеру керек. Статистика бойынша Қазалыда 2020 жылы КВИ бөлімі бойынша контактілі түрде 393, провизорлы түрде 213, инфекция арқылы 25, симптомсыз 2, барлығы 633 адам ауруханаға түскен. Өкінішке орай, жағдайға байланысты 17 науқас қайтыс болды. Үстіміздегі жартыжылдық көрсеткішін ашық жарияламағанмен, осы жылы екпе жұмыстарына қырағылық танытып, қоғамдық орында қызмет атқаратын тұрғындардың біразы вакцинациялануына байланысты вирус жұқтыру көрсеткіші біршама азайған.
«Пандемияны жеңу үшін бізге әлі біраз тер төгу қажет. Аудан тұрғындарына жасалған әрбір екпе бір адамның және оның жақындарының қорғанышы болатынын білуі керек. Өйткені вакцинация – коронавирустың таралу тізбегін тоқтатудың тиімді жолы. Егер халықтың басым бөлігі вакцинацияланатын болса, пандемия құрдымға кетіп, вирустың таралуы тежелер еді», – дейді Қазалы ауданаралық аурухананың бас дәрігері Бақыткүл Әлішева.
Білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешев вакцина туралы: «Алғашқылардың қатарында өзім де бармын. Ешбір ауырсыну белгілері болмады, жанама әсері де сезілмеді. Екпе салдырған басқа да әріптестеріммен, туған-туыс, таныстармен байланыстамын. Барлығының жағдайы жақсы, бірқалыпты екенін айтуда. Сондықтан вакцинадан қорқудың қажеті жоқ деп есептеймін. Өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың амандығы үшін дұрыс шешім қабылдап, вакцина салдыруға шақырамын», – деген еді.
Әлемдік ғалымдар індет басталған кезден мұның 2023-2024 жылдарға дейін созылатынын айтқан еді. Алайда өзі ауырып, өзгелерге жұқтыру да, екпе салдырып, ертеңгі күнді ойлау да еркімізде.

Дина МӘДЕЛХАНҚЫЗЫ
19 маусым 2021 ж. 477 0

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

26 желтоқсан 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031