Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина – пандемияны тоқтатудың тиімді жолы

Вакцина – пандемияны тоқтатудың тиімді жолы

Коронавирусқа қарсы вакцинаның пайда болуы пандемияның аяқталуына аз қалды деген үміт отын ұялатқан еді. Дегенмен көпшілік жаңа вакцинаның аз уақыт қана зерттелгенін алға тартып, салдыруға жүрексінеді. Ол аз болғандай қоғамды қаптаған алып-қашпа әңгімелер халықтың қорқынышын одан әрі үдетіп жіберді.
Қазіргі облыстағы ахуалы күрделі, ковид қайта күш алып барады. Бұл дәрігерлердің иығына артылатын салмақ екі есеге ауырлайды деген сөз. Індеттің өршу салдарынан сары аймаққа ендік. Ендігі тәртіп пен талап күшейді. Себебі инфекцияны одан әрі асқынтып алмау қажет.
Аудандағы дәрігерлік амбулатория жанынан медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу мақсатында пациенттерді бақылау үшін 18 мобильді топ құрылды. Олар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйіне барып қызмет көрсетеді. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жүргізеді. ЖРВИ шалдыққан балалар мен пневмония диагнозы қойылған пациенттер дәрі-дәрмекпен қамтылады. Айта кетейін, бұл қызметтердің барлығы тұрғындарға тегін көрсетіледі.
Пандемияны жеңу үшін бізге әлі біраз тер төгу қажет. Аудан тұрғындары жасалған әрбір екпе бір адамның және оның жақындарының қорғанышы болатыны білуі керек. Өйткені вакцинация – коронавирустың таралу тізбегін тоқтатудың тиімді жолы. Қазір «Covid-19» қарсы «Гам-Ковид-вакцинасы» салынып жатыр. Егер халықтың басым бөлігі вакцинацияланатын болса, пандемия құрдымға кетіп, вирустың таралуы тежелер еді.
Құрметті аудан тұрғындары, өткен жылы кеткен қателікті болдырмас үшін карантиндік талаптарды қатаң сақтағаныңыз жөн. Үйіңізден шығатын уақытта медициналық бетперде тағып, қолғап киюді ұмытпаңыз. Мүмкіндігінше қолыңызды сабынмен жиі жуып, құрамында спирті бар антисептикпен жиі сүртіңіз.
Сіздің амандығыңыз, отбасыңыз бен біздің амандығымыз!
Бақыткүл Әлішева,
Қазалы ауданаралық аурухананың бас дәрігері
15 сәуір 2021 ж. 1 784 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031