Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ойраны шыққан он көше, кідірмей өтер күн қайда?..

Ойраны шыққан он көше, кідірмей өтер күн қайда?..

Автомобиль жолдарының сапасы қай кезеңде де негізгі даму көрсеткішінің біріне баланады. Соңғы жылдары ауданда жүзеге асқан жұмыстардың бір деңгейі инженерлік және жол инфрақұрылымын жақсартумен байланысты. Бұл жағдай шешімін табатынын біліп, халықтың көңілі көкке көтеріліп, жолдарға жөндеу жұмысын жасау үшін бюджеттен қаражат қарастырылған болатын. Көліктердің қауіпсіз қозғалысын қалыптастыруға бағытталған істің бүгінгі беталысы қандай? Жағымды жаңалық жанды жадыратты ма, жабырқатты ма?
Аудандағы көріксіз көшелер қыста батпаққа батырса, жазда шаңды аспанға көтереді. Бұл орайда кісі тасып күнелткен жүрізушілер базынасы мойын бұрғызбай қоймайды. Көп жылдан бері ойшұқырлы жолдар көлік жүргізушілерінің әбден мазасын кетірген.
Ағымдағы жылы 64 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен елді мекендердің 29 шақырымдық 28 көшесін жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 3011,0 млн теңге қаржы бөлінген.
2018-2020 жылдары басталған «Самара-Шымкент-Әйтеке би», Басықара-Абай, Бозкөл-Кәукей, Қожабақы-Бекарыстан би, «Қарлаң» көпірі мен Қожабақы және Қазалы қаласы мен Әлсейіт көпірі аралығындағы жобаларды, облыстық бюджеттен бөлінген 1 743,9 млн теңгеге ағымдағы жылы толықтай аяқтау межеленген.
Аудандық бюджеттен бөлінген 381,7 млн теңгеге Әйтеке би кенті, Ақтан батыр, Бірлік, Қ.Пірімов, Абай, Өркендеу, Жалаңтөс батыр елді мекенінің 17 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілу басталды.
«Ауыл ел – бесігі» бағдарламасымен Әйтеке би кентіндегі 3 шақырымды құрайтын С.Мұханов, Әбілхайыр хан көшелерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. 216,8 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұған дейін тұрғындарын титықтатып, көліктер қатынасын қиындатқан бұл көшелердегі жұмыстар жанды жадыратарлық. Қайта жаңғырту жұмыстарын ПФ «ЭнергоПром Сервис» ЖШС-гі атқаруда. Жоба сметалық құжатына сәйкес 1,2 км-ге асфальт қабатын төсеу, жаяу жүргінші жолы және жаңа үлгідегі түнгі жарықшам орнату жұмыстары ұзамай өткіншілерге жақсы көңіл-күй сыйлары анық.
Көшелерінің жөнделуін көп күткендер Қазалы қаласында да тұрады. Өндірісі қысқарып, болашағын бұлыңғыр деп тапқан қалаға кейінгі жылдары көңіл бөлініп, бойына қан жүгіргендей күйге енуде. «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» мақсатында 8,2 шақырымды құрайтын 10 көшеге 736,0 млн теңге бөлінген. Қайта жаңғыртудан өткізілу жұмыстары басталғанына біраз уақыт өтті. Жобаның жалпы құнының 90 проценті республикалық бюджеттен, 10% облыстық бюджеттен қаралған.
Олардың қатарында С.Толыбеков, З.Бұлақбаев, Аманкелді батыр, Бекетай би, Қ.Рысқұлбеков, Ы.Алтынсарин, А.Қыстауов, Б.Момышұлы, Г.Шляпин, С.Мұханов көшелері бар. Жасалған жұмыс бар, алайда үстіміздегі жылдың шілде айында тапысырылуы тиіс жұмыстың беталысы тұрғындарды қанағаттандырмай отыр. Әдетте тығыздығы, сапалылығы, қанықтылығы, жалпы физикалық-механикалық сипаттығын анықтап, геометриялық сәйкестігі ескерілуі шарт. Онсыз да табанынан тозған халықтың титықтатқан жол жаяуды жұмысынан кешіктірсе, көліктінің жылдамдығын тежеуде. Мердігер мекеменің сылбыр атқарған ісіндегі жылдар бойы жол төсемінің қажеттілігінен қиындықтар мен қолайсыздықты өткерген жұрт енді сапасы сын көтермейтін көрсеткішпен алысуға құлықсыз.
– «Жолдардың жөнделгені жақсы. Алайда «Көрген көзде жазық жоқ» дегендей сезінген жайды айтпасқа болмайды. Бір ғана мысал, су құбырлары жасалып жатқан көшелер астында қалған. Ауыр көліктер ары-бері өтетінін ескерсек, жарылып, халыққа үлкен қауіп тудырады. Тиіп-қашып 2-3 адам жүреді. Терең шұңқырлар адам шошытады. 1-1,5 метр орындар жауын-шашын кезінде, қараңғыда қандай қиындыққа ұшыратарын болжаудың өзі қиын. Естуімше, жақында тапсырылады дейді. Биыл бітер-бітпесі белгісіз. Қалай салынып жатқанына қарап жатқан ешкім жоқ. Осы мәселені айтып, әкімдікке барғанмын. Олар құзыреттіліктері жоқтығын жеткізді. Менің ойымша, қоғамдық негізде болса да, мемлекет қаржысынан жүзеге асып жатқан шаруаларды қадағалайтын топ болуы керек. Мәселен, көше комитеттері, белсенділер, еріктілер деген сияқты», – дейді Қазалы қаласының тұрғыны Өмірбек Күлімбетов.
Тұрғынның талап-тілегін тапсырыс беруші Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолдадық. Біздің сауалымызға бөлім басшысының орынбасары Жасұлан Сыдықов жауап берді.
– Ағымдағы жылдың наурыз айында жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен жеңімпаз деп танылған «Кочевник» ЖШС арасында келісімшарттар жасалған болатын. Олардың тарапынан бірнеше ескертулерге қарамастан, барлық көшеге жұмыс жоспары үстіміздегі жылдың 12 мамыры күні жолданып, бекітілді. Жоспар бойынша 8 көшеде жер жұмыстары атқарылып, 4 көшеге топырақ төсеу жүргізіліп, арнайы техникалардың көмегімен нығыздалуда. Бұлақбаев, Қыстауов көшелері толық төселді, С.Мұқанов көшесінің төсемі жартылай біткен, – деп жұмыста іркіліс барын іркіп қалмады.
Ал терең қазылған себепті сұрағанымызда Ж.Сыдықов: «Ол орынды сұрақ. Бұған дейін көшелерге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. Талапқа сай жолдың берік, орнықты болуы алдымен төменгі қабаты дұрыстап жасалуы тиіс. Жерді қазу кезінде бір жерден күл қоқыс, екінші орыннан сақ, қоқыстар табылып, өз кезегінде ол да кедергісін келтіріп отыр. Жұмыс бақылауда», – деген пайымымен бөлісті.
Жөндеу көрген жолдардың сапасымен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мердігер компания ісінің шикілігін айтты.
Тапсырыс беруші мекеме қызметкерінің айтуынша, жоспар бойынша берілген жұмыс түрлері өз уақытымен атқарылмаған. Қазіргі кезде жалпы жұмыс көлеміне қажетті 33000 тонна малта тас қоспасының 7000-ға жуық тоннасы нысан басына тасымалданған. Қажетті асфальт көлемінің нақты қайдан алынатыны белгісіз, өндіруші зауыттармен жасалған келісімшарттардың жоқтығы анықталды. Белгілі болғандай, бекітілген кесте бойынша электр және телеком бағаналарын ауыстыру, аяқсу арықтарына су өткізгіш құбырларын салу, көру құдықтарын жол деңгейіне дейін көтеру жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.
Қажетті арнайы техникалар аз, мамандар саны жеткіліксіз. Бұл жағдайлар, сөзсіз, тапсырысты мерзімінде аяқтауына, нысанды пайдалануға беру уақытына қиындық тудырып отыр. Жауыр болған жағдайды билікке бұруда қандай сәйкестік бар? Мәселенің мән-жайына қаныққан аудан басшысы жұмысты мерзімінде аяқтауға барлық күш-жігерді жұмылдыруды тапсырды. Нысана партиялық бақылауда. Аудан әкімі апта сайын бекіткен кесте бойынша құрылысты назардан шығармауда.
«Жол мұратқа жеткізеді» дейді. Әлеуметтік әлеуеттің жарқын көрінісі жолдардың жаңаруы аудан ахуалына да оң бетбұрыс әкеледі. Өкініштісі, межелі жерге, мерейлі мақсатқа бастайтын жолдар кейінгі жылдары мұратқа жеткізбей, мертіктіріп келе жатқаны жасырын емес. Жағымды жаңалықтың жүзеге асқанына ықыласты жұртшылықтың әзірге айтары «Ойраны шыққан он көше, кідірмей өтер күн қайда?..» болып отыр.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
19 маусым 2021 ж. 634 0

ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды

26 желтоқсан 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031