Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда тоғанда балық өсіру шаруашылығы жандануда

Қазалыда тоғанда балық өсіру шаруашылығы жандануда

Бүгінде Қазалы ауданында тоғанда балық өсіру шаруашылығын жандандыру қолға алынып келеді. Мәселен, 2024 жылдың сәуір айында «Арал Рыбторг» ЖШС-нің жетекшісі Қуаныш Өмірзақов ауданға қарасты Басықара ауылының аумағынан 464 гектар жер учаскесін жалға алып, балық өсіретін арнайы тоғандардың құрылысын бастаған болатын.
Бүгінде кәсіпкер құрылысы аяқталған бірнеше тоғанға балық салу жұмыстарын жүргізуде. Бүгін Басықара ауылындағы тоғандарға балық жіберу рәсіміне аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, шаруашылықтың жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ алдағы уақытта ауданда елдің игілігіне бағытталған жобаларды қолға алып жатқан кәсіпкерлерге тиісті қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Бірнеше күннен бері кәсіпкердің Арал ауданындағы «Арал Рыбторг» ЖШС-нің балық өсіру тоғандарынан 400 мың дана тұқым әкелініп, Басықара ауылындағы тоғандарға жіберілуде. Негізгі мақсат - өсірілген балықтарды «Тұщы» көліне жіберіп, тауарлы балық шығару және оны халықтың игілігіне жарату.
Жеке кәсіпкердің айтуынша құны 650,0 млн. теңге құрайтын «Тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы» жобасы 2027 жылға қарай толығымен іске қосылмақ. Жобаға сәйкес мұнда барлығы 52 тоған жұмыс жасап, келер жылы 500 тоннаға жуық тауарлы балық алу жоспарланып отыр. Жеке кәсіпкер Қуаныш Өмірзақов балық тоғаны толығымен іске қосылғаннан кейін жергілікті жерден 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
30 қазан 2025 ж. 129 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031