Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол жөндеу ісі жандануда

Жол жөндеу ісі жандануда

Аудан экономикасын еселеуге, жүк тасымалын ұлғайтуға, оның ішінде жолаушылар тасымалын жақсартып, көліктің кедергісіз жүруіне жолдың тигізер пайдасы зор. Қазалыда коммуналдық меншікте барлығы 406,2 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Соның 180 шақырымы асфальтты, 141 шақырымы қиыршықтасты және 81 шақырымы топырақты жол.

2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен аудандық маңыздағы автомобиль жолының 10 шақырымын күрделі, 68 шақырымын орташа жөндеуден өткізуге, 1,5 шақырым автомобиль жолының құрылысы мен темір-бетон көпірін қайта жаңғыртуға 2500,0 млрд теңге бөлінді. Қаражат үнемді жұмсалып, Өркендеу елді мекеніне кіреберіс, Жанкент автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

«Көлік, сауда-логистикалық орталығын» инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы бойынша, автомобиль жолдары құрылысына облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға мердігер мекеме арқылы жалпы ұзындығы 0,954 шақырымдық автомобиль жолының құрылысы салынды.
Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуде өткен жылы облыстық және республикалық бюджет қаржысымен 16 шақырымы тегістелді. 9 шақырымына малта тас қоспасы төселді. Бұл нысан 2019-2020 жылдарға өтпелі болып табылғандықтан биыл күрделі жөңдеу жұмысы жалғасып, 7,5 шақырымына қиыршық тас 5,8 шақырымға ыстық асфальт қабаты құйылды.
Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей, Қожабақы-Бекарыстан би, Басықара-Абай-Өркендеу бағытындағы төрт жобаға байланысты 9,7 шақырым жолға асфальт қабаты, 19,5 шақырымға малта тас қоспасы төселді. Бұл аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен көше жолдарын дамытуда Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетіне қаржыландыруға ұсынылған жобаға республикалық бюджеттен 904737,0 мың теңге қаржы қаралған.

Қожабақы-Бекарыстан би аудандық маңыздағы автомобиль жолының 25 шақырымындағы темір-бетон көпірін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттар әзірленген. Қазіргі таңда аталған нысанның 2019 жылға бөлінген қаржысы игеріліп, тұрақты жолаушылар көлігімен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеменің өз қаражаты есебінен көпірдің құрылысы толығымен аяқталды.
2019 жылдың атқарылған жұмыстар нәтижесімен жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 71,3 процентке жетті. Өйткені республикалық және облыстық бюджеттен паритеттік негізде 7 жоба қаржыландыруға ұсынылған болатын. Осыған орай республикалық бюджеттен 50 процент қаржысы қаралды. 6 нысан бөлінген қаржы көлеміне қарай толықтай аяқталды. Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңакұрылыс аудан­дық маңыздағы автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға Ү.Түктібаев елді мекенінің жеті көшесі, аудандық бюджеттен қаралған ақшаға Құмжиек ауылының үш көшесі пайдалануға берілді. Ақсуат ауылының Амангелді, Әйтеке би кентінің Аймауытов көшесіне (Бөріқұлақов көшесінен бастап Біржан сал көшесіне дейін) орташа жөндеу жүргізілді.

Аудан көлеміндегі қауіпсіз жол қатынасын қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерін орнатуға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Жұмыс барысында Әйтеке би кентіне 131 жол белгісі, 1 жол кедергісі мен 43,25 шақырымға жол жолақтарын сызу атқарылды.
Ағымдағы жылы Әйтеке би кенті-Басықара, Бекарыстан би – Майдакөл, Қожабақы-Бекарыстан би-Майдакөл, Қазалы-Көларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс жолының аудандық бюджет арқылы жоба сметалық құжаты әзірленіп, ведомоствалық сараптамадан өткізуге көлік комитетіне жолданды. Басықара-Абай-Өркендеу аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалық іздестіру есебі алынды.
Аудан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберіндегі моноқалаларда және өңірлерде іс-шараларды жүзеге асыру» жобасы бойынша Қазалы қаласының 10 көшесі, Қазалы-Әйтеке би және Самара-Шымкент-Әйтеке би аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту бойынша бюджеттік өтінім жіберіліп, қаржыландыру күтілуде.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

04 желтоқсан 2019 ж. 1 248 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930