Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент жасанды интеллект туралы заңды қабылдады

Парламент жасанды интеллект туралы заңды қабылдады

Фото: Pixabay.com
Мәжіліс депутаттары Сенаттың “Жасанды интеллект туралы” заңға енгізген түзетулерімен келісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Жасанды интеллект туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдары Парламент Мәжілісімен қабылданып, жүз отыз қабылданған түзетулермен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жолданған болатын.
"Парламент Сенаты үш заң бойынша он алты түзету енгізді. Олардың ешқайсысы Мәжіліс қабылдаған заңдардың мәтінін жақсартпайды да, нашарлатпайды да. Олардың барлығы тек қана редакциялық және нақтылау сипатында. Осылайша, аталған түзетулер құқық қолдану практикасына ешқандай әсер етпейді. Сондықтан Комитет Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуге болады деп санайды", - дейді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Айта кетейік, бұған дейін Сенатта "Жасанды интеллект туралы" заң жобасы және оған ілеспе түзетулер қаралып, заңда кейбір құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуұсынылған болатын.
29 қазан 2025 ж. 129 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031