Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық сырнайшылар байқауы өтті

Облыстық сырнайшылар байқауы өтті

Алты алашқа сөзбен өлеңін өркен еткен,өнерде бір өзіндік ерекше ,ақындығымен,әншілігімен танылған жерлесіміз, ауылымыздың тумасы Батырхан Нұрымбетовті еске алу мақсатында Батырхан ағамыздың отбасы, туған –туыстары, ұжымдас-сыныптас,өнердегі достарының демеушілігімен Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен ,Алға ауылдық округі әкімі аппаратының Үрмәш Түктібаев ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Әнмен әрлеп,өнерін жырмен өрген» атты облыстық сырнайшылар байқауы өткізілді.
Ауылдық клубтың кіре беріс залына ауылдық кітапханашы Гүлмира Ниетова «Өлең болып өрілген өмір» тақырыбында көрме ұйымдастырды.Көрмеде Батырхан Нұрымбетов туралы кітаптар мен естелік суреттері таныстырылды.
Сахна шымылдығы Батырхан Нұрымбетовті еске алуға арналған шәкірті Жақсыкелді Бақытбектің «Ұстазымды жүрмін қатты сағынып» өлеңімен ашылды.Өлеңді көркемсөз үйірмесінің мүшелері Шынтемір Арнұр,Ағымов Азамат,Шаттық Інжу,Райханова Нұрай мәнеріне келтіріп оқыды.
Бекарыстан би ауылының өнерпазы әнші,сазгер Байділдаева Жұмагүл Сырлыбай Қанаттың сөзіне жазылған «Батырханға арнау» әнін орындады.
Аудан әкімінің орынбасары Тілеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы құттықтау сөз сөйлеп,байқауға қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі.
Байқауға Қызылорда қаласы және Жалағаш,Жаңақорған,Қармақшы,Арал,Қазалы аудандарынан барлығы 11 талапкер қатысты.
Байқауға Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының әдістемелік бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Маратқызы,Батырхан Нұрымбетовтің өнердегі досы,музыкант, №204 мектептің мұғалімі Омаров Бүркіт Берекетұлы,Шиелі ауданындағы музыка мектебінің мұғалімі,Батырхан Нұрымбетовтің әндерін орындаушы,ақын,әнші,Қазақстандағы бірнеше танымал әндердің авторы Әл-Фараби Бекарысұлы қазылық жасады.
Әділқазылардың шешімімен Бас жүлде Қармақшы ауданы,Байқоңыр қаласынан келген Тоқбергенов Асылбек,1 орын Арал ауданынан Сейілхан Дәулет,2 орын Ғани Мұратбаев ауылынан Өмірзақ Жанболат,3 орын Қызылорда қаласынан Мырзабаева Қуаныш пен Үрмәш Түктібаев ауылынан Темірханов Асылан иеленді.Жалағаш ауданынан келген Жүнісқұлова Алмаш Арнайы жүлдемен марапатталса,Жаңақорған ауданынан Ыбырайхан Бауыржан «Ерекше дауыс», Жанқожа батыр ауылынан Қалабаев Ернұр «Сиқырлы саз» бағамымен,Қазалы қаласынан Мамбетов Айбек «Шебер орындаушы»,Бекарыстан би ауылынан Балымбетов Қасым «Көрермен көзайымы»,Майдакөл ауылынан Мақсұтқали Бағдәулет «Сазды әуен» бағамымен марапатталып,қаржылай сыйлықтар табысталды.
Өнердегі достары Құламетов Марат,Жаңабаев Бақыт пен туған –туыстары Батырхан Нұрымбетов туралы естеліктерімен бөлісіп, еске алысты.
Бүгінгі шараға қатысқан талапкерлерді марапаттарымен құттықтап, демеушілік жасаған Батырхан Нұрымбетовтың балалары мен туған-туыс, бауырларына,сыныптас достарына,Байжігіт Әбдіразақов атындағы №88 орта мектеп ұжымына,өнердегі досы Бақыт Жаңабайға,ауылымыздың кәсіпкері Аян Жасақбай пен Берік Әбдіхалықовқа, «Орынбет ишан» мешітінің имамы Ізатов Ғабдуллаға, «Асыл әжелер» тобына ерекше алғысымызды айтамыз.
30 қазан 2025 ж. 139 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031