Синоптиктер 30 қазан күнгі ауа райына болжам ұсынды
Фото: pixabay"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 30 қазан, бейсенбі күнге арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігі антициклонның сілемі әсерінде болады, соның салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады, батыста – қатты жаңбыр. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, батыста, солтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшеюі мүмкін", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде:
- жоғары өрт қаупі – Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында, Алматы мен Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысында және Абай облысының оңтүстігінде бар;
- төтенше жоғары өрт қаупі – Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шөлейт аймақтарында, Атырау облысының шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында күтіледі.











