Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жол жағдайы жақсара түсті

Қызылорда облысында жол жағдайы жақсара түсті

Қызылорда облысында 2018 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге баса назар аударылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 13,5 млрд. теңге бөлінген. Соның нәтижесінде 277,87 шақырым автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. «Аймақтағы автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаржының 3,3 млрд тенгесіне 18,5 шақырым құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Ал, 8,9 млрд тенге 259,63 шақырым күрделі және орташа жөндеу үшін, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына - 1,1 млрд. тенге жұмсалмақ», - деді облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов. Сонымен қатар 9 жобаға жобалау-сметалық құжаттамалар және ТЭН әзірлеуге облыстық бюджеттен 175,1 млн. тенге бөлініп отыр. 4-көпір салу және 3-көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63,5% жетеді деп күтілуде.
inform.kz


28 тамыз 2018 ж. 1 258 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды