Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссияда мерзімді әскерге шақыру жұмыстары пысықталды

Комиссияда мерзімді әскерге шақыру жұмыстары пысықталды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Дәурен Тлеумбетовтың төрағалығымен әскерге шақыру комиссиясының отырысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен Қазалы ауданының полиция бөлімінің және Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жауапты қызметкерлері хабарлама жасады.
Осы жылдың күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары барысында Қазалы ауданына 96 азаматқа тапсырыс беріліп, әзірге оның 35-і әскерге аттанып, 36% пайызға орындалған. Биылғы жылы әскерге шақырылуға жататын азаматтардың тізіміне мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 165 әскерге шақырылушының басқа қалаларда жұмыс істейтіні анықталды. Бұл азаматтардың ішінде мекенжайға тіркелгенмен нақты тұрмайтын және айлап, жылдап үйіне келмейтін азаматтар бар. Соның салдарынан шақыру қағазын әскерге шақырылушы азаматтардың жеке өзіне беруге мүмкіндік болмауда. Бұл өз кезегінде әскерге шақырушыларды уақытылы іздестіріп, шақыру пунктіне жеткізуге кері әскерін тигізіп келеді.
Жиында комиссия төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы күзгі мерзімді әскерге шақыруға байланысты тапсырысты төменгі деңгейде орындаған ауыл әкімдерін қатаң сынға алып, шұғыл жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне тиісті сала басшыларымен бірлесе отыра білім ошақтарындағы жоғары сынып оқушылары арасында, жастар арасында елге қызмет, патриотизм, ер мінезділікті қалыптастыру мақсатында, әскерге шақырылушыларға берілетін жеңілдіктер және тағы да басқа мүмкіндіктер жайында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керектігін жеткізді.
Бұдан бөлек жиында тиісті сала басшыларына күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатаң бақылауға алу, әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы медициналық сараптамадан өтуін қамтамасыз ету, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және ондай азаматтарға тиісті шара қабылдау жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
29 қазан 2025 ж. 163 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031