Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 64% автокөліктің пайдалану мерзімі он жылдан асқан

Қазақстанда 64% автокөліктің пайдалану мерзімі он жылдан асқан

Елімізде тіркелген 3,9 млн автомобильдің 64 пайызында пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта автокөлік атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көздерінің бірі болып отыр. Оның себептерінің бірі – автокөлік құралдарының тозуы. Тіркелген 3,9 млн автомобильдің ішінде пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан 2,5 млн көлік бар. Яғни 64% құрайды», - деді Мағзұм Мырзағалиев бүгінгі Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, өткен жылдың соңында «Техникалық реттеу туралы» Заңы қабылданып, жанар-жағармай құю бекеттеріндегі отынның сапасын К4 және К5 экологиялық сыныптарына сәйкестігіне бақылау күшейтілді. «Осыған байланысты, Сауда және интеграция министрлігіне жанар-жағармай құю бекеттеріндегі отынның сапасын бақылауды жүзеге асыру қажет деп санаймыз. Бұдан басқа, техникалық байқау станциялары мен автокөлік иелерінің жауапкершілігін күшейту өте маңызды. Өз кезегінде әкімдіктер автопарктерді жаңарту жұмыстарын жалғастыруы қажет», - деді М. Мырзағалиев.


15 маусым 2021 ж. 603 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031