Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал проблемасы шешу үшін қандай шаралар қабылданбақ?

Арал проблемасы шешу үшін қандай шаралар қабылданбақ?

Kyzylorda-news.kz. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев құрғап бара жатқан Арал проблемасын қалай реттегелі отыр? Бұл сұрақ Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министр Мағзұм Мырзағалиевқа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл өте кешенді проблема. 2002 жылдан бастап 2008 жылға дейін осы кешенді бағдарламаның алғашқы кезеңі іске асырылған болатын. Біріншіден, жобаны сәтті жүзеге асырудың арқасында су айдыны 870 шаршы шақырымға немесе 40 пайызға артты, судың минералдану деңгейі төмендетілді. Осының арқасында Аралдың солтүстігінде қазірдің өзінде 20 түрлі балық мекендейді. Әлбетте бұл жұмысты ары қарай жалғастыру керек. Жұмысты екі бағытта жүргіземіз», – деді Мағзұм Мырзағалиев.
Министр өзі атаған екі бағытқа кеңінен тоқталды.
«Біріншіден, су айдынын қаншалықты кеңейтуге болатыны жөнінде мәселе тереңінен зерттеледі. Бұл жұмысты біз Дүниежүзілік банкпен бірге бастап кеттік. Экологиялық проблеманы шешудің екінші акпекті – Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне ағаш егу. Кейінгі жылдары ол орындардағы 270 мың гектар аумаққа сексеуіл егілгенін атап өту керек. Бәлкім, бұл шаруа тұздану және құмдану процесіне қарсы күресудің бір жолы болса керек», – деді ол.
Мағзұм Мырзағалиев алдағы бес жылда Мемлекет басшысының тапсырмасымен орман қорына 2 млрд түп ағаш егілетінін еске салды.
«Осы жұмыстың аясында Аралдың құрғап қалған аумағына 160 мың гектар жеріне сексеуіл егіледі», – деді ол.
05 қаңтар 2021 ж. 2 576 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 136

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031