Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 10 су қоймасы қалпына келтіріледі

Елімізде 10 су қоймасы қалпына келтіріледі

Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев биыл елімізде 10 су қоймасы қалпына келтірілетінін мәлімдеді. egemen.kz

 «Бүгінде 41 апатты су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасуда. Оның 11-і қалпына келтірілді. Соның нәтижесінде 14 мыңнан астам тұрғыны бар 15 елді мекенде су басу қаупі жойылды. Биыл тағы 10 су қоймасын қалпына келтіру жоспарлануда. Қалған 20 су қоймасына қатысты жұмыстар алдағы 3 жылдың ішінде аяқталады. Бүгінде осы нысандар су жинағыш ретінде емес, су өткізгіш ретінде қолданылып отырғандықтан, су тасқыны кезінде қауіп төндірмейтіндігін атап өткім келеді», деді ол.
Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, биыл өзендердің сулылығы қалыпты деңгейде не одан төмен деп күтіліп отыр.
«Республикалық меншік нысандарындағы су шаруашылығының жағдайы министрліктің тұрақты бақылауында. Бұл ретте, коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне облыс әкімдерінің назарын аудару қажет деп санаймыз», деді Мағзұм Мырзағалиев.



23 ақпан 2021 ж. 2 781 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031