Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікке ең қолайлы 78 елдің ішінде Қазақстан 75-орында

Кәсіпкерлікке ең қолайлы 78 елдің ішінде Қазақстан 75-орында

Рейтингтің барлық тармақтары бойынша еліміз өте төмен баға алды. 2021 жылғы US News & World Report кәсіпкерлік үшін ең қолайлы елдердің рейтингінде Қазақстан 78 мемлекеттің ішінен 75-орынды иеленді. Республикадағы кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалау 100-ден 0,9 балды ғана құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

ТМД елдерінің ішінде рейтингте Ресей (22-орын), Украина (51-орын), Беларусь (57-орын), Әзірбайжан (71-орын) Қазақстаннан жоғары тұр. Тізімде тек үш мемлекет артта қалды. Олар Өзбекстан (76-орын), Гватемала (77-орын) және Сальвадор (78-орын). Рейтингті Жапония, Германия және АҚШ ашады. ТОП 5-тікке Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея кіреді. Рейтингте 78 елді 76 түрлі индикаторлар бойынша бағалаған. Ол үшін 17 мыңнан астам адамнан сұхбат ала отырып зерттеу жүргізілген. Айта кететіні 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша елде жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған 1,1 млн субъектісі болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% жоғары. Жеке кәсіпкерлердің жалпы санының 47,5%-ын әйелдер басқарады. Аймақтық контексте субъектілердің көпшілігі Түркістан облысында жұмыс істейді: 131,7 мың - өткен жылмен салыстырғанда 0,9% аз. Бизнес саны бойынша үш алдыңғы қатарлы облыстың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысы да бар. Ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше жеке кәсіпкерлердің ең аз шоғырланған.


11 маусым 2021 ж. 627 0

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 46

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 32

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031