Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 өңірде дебиторлық қарыз өскен

5 өңірде дебиторлық қарыз өскен

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Маңғыстау облыстарындағы дебиторлық берешектің өсіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі Үкімет отырысында өткен жылыту маусымының қорытындысы мен келесі маусымға дайындық шаралары талқыланды. Премьер-Министр өткен жылыту маусымы қалыпты режимде болғанын атап, алдағы маусымға сапалы дайындықты қазірден бастап кету керектігін ескертті. «1 маусымға дейін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін дайындау бойынша іс-шаралар жоспарларын бекітуді тапсырамын. Солтүстік және шығыс өңірлерінің ауа райы жағдайларын ескере отырып, 1 қыркүйекке дейін – білім беру ұйымдарының, 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылымның, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерінің толығымен дайын болуын қамтамасыз ету қажет», - деген Премьер-Министр жауапты сала басшыларына тұтынушылардың дебиторлық берешегін төмендету және энергия өндіретін ұйымдардың отын жеткізушілердің алдындағы берешегін өтеу бойынша шаралар қабылдауды жүктеді. «Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері дебиторлық берешектің өсу проблемасына назар аударсын», - деді Асқар Мамин.


18 мамыр 2021 ж. 534 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930