Асқар Мамин үкімет отырысын толығымен қазақ тілінде өткізді
Қазақша басталған үкімет отырысында министрлер мемлекеттік тілде баяндама оқыды. Орыстілді шенеунік, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов те баяндаманы қазақ тілінде оқып берді. Үкімет басшысының өзі қазақ тілінде еркін сөйлей алмаса да, тілін сындырып қазақша сөз сөйледі.
Үкімет отырысын онлайн жүйеде көрген желі қолданушылары оң пікірін білдіріп жатыр.
"Әжептәуір қазақшаларың қайырлы болсын", "Акцентпен болса да, қазақша өткені жақсы", - деп жазды олар.
«ЖІӨ өсімі екі айда 3,5% құрады, тау-кен өндірісі, машина жасау, химия өнеркәсібінде оң өсу үрдісі байқалады. Жалпы, оң үрдіс бар », - деді бүгін үкімет отырысында Асқар Мамин.
Өз кезегінде, премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардың және әкімдіктердің назарын шешімін таппаған мәселеге аударып, биылғы жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін орындауға бұйырды.
«ҰЭМ мәліметіне сәйкес, бірқатар өңірлерде индустриалды-құрылыс салаларындағы көрсеткіштер, сондай-ақ негізгі капиталға инвестициялар бар. Осыған байланысты, жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бірінші тоқсанда оң көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тиісті іс-шараларды өткізуі тиіс. Біз президенттің нұсқауларын орындауға және ЖІӨ-нің 5% -дан кем емес болуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін біз бірге жұмыс істеуіміз керек », - деп түйіндеді премьер-министр.
Премьер-министр ұсынылған өзгерістерді енгізу халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік бастамаларын іске асыру аясында жүзеге асатынын атап өтті.
«Президенттің барлық бастамалары қаржыландырылып, толық көлемде іске асырылатын болады», - деді Асқар Мамин.
Премьер қол ойылған міндеттерді уақтылы, тиімді және сапалы орындау қажеттілігін атап өтті.
Мәселені қараудың қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар заң жобаларын белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының парламентіне тапсыруға міндеттенеді.