Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай өңірдің тұрғындары карантин талабын жиі бұзады

Қай өңірдің тұрғындары карантин талабын жиі бұзады

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметіне сенсек, 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында жұмысшы топ 80 352 рейд жүргізген. Ел аумағында 500 646 нысан тексерумен қамтылды. Нәтижесінде 14 475 (2,8%) заңбұзушылық анықталды. Карантин талабын бұзу фактілерінің басым көпшілігі мына өңірлерде тіркелді: ШҚО (3 646), Түркістан (2 230), Алматы (2 036), Шымкент (1 609) және Алматы облысы (962).

Мониторинг барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу.

Аталған мерзімде 268 материал сотқа жолданды. Сот шешімімен 70 нысанның жұмысы тоқтатылды. 8 271 кәсіпкерлік нысан мен 6 425 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,155 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.


13 мамыр 2021 ж. 620 0

Дара таланттар додасы

24 қазан 2026 ж. 76

Еңбек еленген күн

24 қазан 2026 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031