Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде 600 шақырымға жуық жол жөнделеді

Биыл елімізде 600 шақырымға жуық жол жөнделеді

Биыл еліміздің бес өңірінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 585 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында күрделі жөндеуден өтетін 248 шақырым жол қамтылған: «Қазталовка-Жәнібек-Ресей шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын».
Алматы облысында «Алматы – Бішкек» (Алтын Орда) және «Көкпек – Кеген – Қырғызстан шекарасы» автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жол саласы қызметкерлері күрделі жөндеуді Қостанай облысындағы «Жезқазған – Петропавл» мен «Ресей шекарасы - (Екатеринбургке) – Алматы» тас жолдарында жүргізуде.
Павлодар облысында «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск» және «Ленин – Ақсу – Көктобе – Курчатов» жол учаскелері жөндеу жұмыстарымен қамтылған.
Сонымен қатар биыл Солтүстік Қазақстандағы «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» жолы жөнделмек.
Айта кету керек, күрделі жөндеу жолдың барлық компоненттеріне ұзақ қашықтықта әсер етеді. Ол топырақты нығайтуға, ақауларды жоюға, дренаж жүйесін ретке келтіруге және жабынды жөндеуге мүмкіндік береді. Жалпы, жылдың қорытындысы бойынша күрделі жөндеуден кейін 62 шақырым республикалық жол пайдалануға беру көзделіп отыр.


06 мамыр 2021 ж. 741 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031