Депозиттегі ақша зейнетақы есепшотына аударылады – БЖЗҚ себебін түсіндірді
Лицензиядан айырылған банктегі депозиттің кепілдендірілген сомасын қайтаруға өтініш бермеген азаматтардың ақшасы зейнетақы есепшотына автоматты түрде аударылады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады.
«Бұл дегеніміз, егер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған және барлық операцияны жүргізу лицензиясынан айырылған банктегі депозит салымшысы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жылдың ішінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына (ҚДКБҚ) жүгінбесе, онда ҚДКБҚ кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы есепшоттарына аударады», – делінген ресми хабарламада.
Бұл өзгеріс 1 мамырдан бастап күшіне енеді. Есепшоттар автоматты түрде ашылып отырады. Ал жеке тұлғаны сәйкестендіру төлем тапсырысының электронды форматында көрсетілген дербес деректер, яғни, аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі мен туған күні бойынша жүргізіледі. БЖЗҚ барлық қажетті мәліметті мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық базаларынан алып отырады.
«Егер азаматтың ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы есепшоты бұрыннан ашылған болса, онда кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы осы шотқа аударылатын болады», – дейді қор мамандары.
Кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы ерікті зейнетақы жарналары сияқты инвестицияланады. Ал БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинағы бар адамдар оны 50 жасқа толғанда, мүгедектік туындаған кезде, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге Қазақстан заңнамасында айқындалған кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ретінде тұрақты тұруға кеткен кезде алуға құқылы.
Дегенмен, ҚДКБҚ-ға өтініш жазып, талап етілмеген соманы қайтаруға болады. Сонда оны БЖЗҚ-дан кері аударып береді. Сөйтіп ақшаны пайдалануға немесе басқа банкке салуға болады.